Азиада: Дзюдошы Абылайханның жеңісін ата-анасы Ұлттық арнадан тамашалады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Азиада: Дзюдошы Абылайханның жеңісін ата-анасы Ұлттық арнадан тамашалады

25.09.2023

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Абай ауылында туып-өскен дзюдошы Абылайхан Жұбаназардың сары құрлық бәсекесіндегі шешуші белдесуін ата-анасы Қазақстан ұлттық арнасынан тікелей эфирде көріп, ұлының жеңісіне куә болды. Жұбаназаровтар отбасы теледидардан кездесу барысын тапжылмай тамашалап, ата-анасы қатты қобалжыды. Дегенмен, өте тартысты өткен белдесуде қазақ балуаны соңғы минутта қарсыласының осал тұсын тауып, иппон әдісімен жеңісті жұлып алды.

Кемал Аржықов, Абылайхан Жұбаназардың әкесі:

Абылайдың жетістігіне қуанып жатырмыз. Жетістіктен жетістікке жете берсін. Кішкентайынан бастап сол күрестің ізінде жүр ғой. Біздің қуанышымыз, Қазақ елінің мақтанышы болсын! 

Хабарламаларға жазылу