Оралда ерлік жасаған жеткіншек марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралда ерлік жасаған жеткіншек марапатталды

05.11.2015
Оралда ерлік жасаған жеткіншек марапатталды
Никита Тюкинге «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» төсбелгісі табыс етілді.

Орал қаласында екі қызды ажалдан құтқарған Никита Тюкинге «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» төсбелгісі табыс етілді. Естеріңізге сала кетейік, оқыс оқиға мамыр айында болған еді.

Өзенге шомылуға барған Никита суға батып бара жатқан қыздарды құтқарып жағаға аман алып шыққан болатын. Жасөспірімнің бұл ерлігі ескерусіз қалмады.

Төсбелгіні қайсар жасөспірімнің кеудесіне таққан төтенше жағдайлар саласының өкілдері Никитаны болашақта өз қатарларынан көргісі келетінін атап өтті.

Рауан ДИӘЛИ

Хабарламаларға жазылу