Азия ойындары: Академиялық ескек есуден тағы бір отандасымыз финалға жолдама алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Азия ойындары: Академиялық ескек есуден тағы бір отандасымыз финалға жолдама алды

22.09.2023

Азия ойындарында бақ сынап жатқан спортшыларымыздың аяқ алысы жаман емес. Академиялық ескек есуден тағы бір отандасымыз финалға жолдама алды. Ерлер арасындағы жекелей сында ел намысын қорғап жатқан Владислав Яковлев жартылай финалда екі мың метр қашықтықты 7 минут 19 секундта жүзіп, мәре сызығын екінші болып кесті. Осылайша, жерлесіміз 25 қыркүйек күні өтетін Азия ойындарының А финалына жолдама алды. Бұған дейін ел қоржынына академиялық ескек есуден ерлер және әйелдер арасындағы жұптық бәсекесі, әйелдердің төрттік жарысы финалдарының жолдамасы түскен еді.


Хабарламаларға жазылу