Академиялық ескек есу: Владислав Яковлев ширек финалға өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Академиялық ескек есу: Владислав Яковлев ширек финалға өтті

23.07.2021

Ашылу салтанаты жаңа ғана аяқталғанымен спорттық жарыстар бірнеше күннен бері басталып кетті. Бүгін академиялық есуден сайысқа түскен отандасымыз Владислав Яковлев іріктеу кезеңінен сүрінбей өтіп, ширек финалға жолдама алды. Ол алғашқы сында мәреге үшінші болып келді. Бірінші айналымда даниялық Сверре Нильсен көш бастады. Екінші орынды Дженнаро Альберто ди Мауро иеленген. Енді жерлесіміз 26 шілде күні жарыстың келесі кезеңінде бақ сынайды.

Хабарламаларға жазылу