Қазақстандық ескек есушілер Азия ойындарының финалына жолдама алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық ескек есушілер Азия ойындарының финалына жолдама алды

20.09.2014
Қазақстандық ескек есушілер Азия ойындарының  финалына жолдама алды

Инчхонда өтіп жатқан Жазғы Азия ойындарында академиялық ескек есу жарысы  басталды.

Әйелдер арасында қазақстандық Екатерина Артемьева мен Виктория Чепикова жұбы үшінші нәтиже көрсетіп, финалға жолдама алды.

 Финалда қытайлық  жұп Мин Чжанг пен Тьян Миао, Корея спортшылары Сеойонг Йеон мен Сеохи Ким бар.

Сондай-ақ, бұл жарыста екінші нәтижемен финалға қазақстандық тағы бір жұп Мария Васильева мен Светлана Германович  жолдама алды.

 Ескек есушілердің бұл жұбы қытайлық Цинли Дуан және Янг Лью жұбымен бірдей нәтиже көрсетті. Үшінші орында - Тайвань спортшылары  Ройана Раклао мен Путтаракса Неегрее Вртн жұбы.

Ерлер арасындағы жұптық жарыста қазақстандық Артем Исупов пен Евгений Тацей төртінші келіп, финалдық жарыстан сырт қалды.

Алғашқы орында – қытайлық Тьянгфенг Донг пен Деминг Конг, екінші орында - Гонконг спортшылары Квон Вин Чоу   мен Чью Ман Тан,  үшінші орында – тайландтық Джаруват Саенсук, Порнтават Инлее.

Ал, ескек есуден төрттік жарыста сынға түскен қазақстандық спортшылар Виталий Васильев, Евгений Васильев,  Михаил Таскин, Владислав Яковлев  екінші нәтижемен финалда.

 Алғашқы нәтижені кореялықтар көрсетсе, үшінші орында - Ирак спортшылары.

Фото: www.zimbio.com.

Хабарламаларға жазылу