Елордада Әкім Таразидың 90 жас мерейтойына шығармашылық кеш өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада Әкім Таразидың 90 жас мерейтойына шығармашылық кеш өтті

22.09.2023

«Толғауы тоқсан Тарази». Елордада осындай атаумен шығармашылық кеш өтті. Бұл шара жазушы, драматург, киносценарист, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әкім Таразидың 90 жасқа толған мерейтойына орайластырылған.

Қазақ руханиятына қомақты үлес қосқан қаламгерге оқырмандары атынан Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев қазақы дәстүрмен шапан жапты. Бұл кеште сөз зергерінің әр салада жазылған туындыларының кейіпкерлері ортаға шығып, «көрерменмен тілдесті». Таразидың әр шығармасы белгілі кейіпкердің ғана емес, заманның болмысын, қоғамның тағдырын көрсетеді.

Шерубай Құрманбайұлы, Ұлттық ғылым академиясының академигі, филолог:

Әкім Тарази сөздің көркемдігін қуаламай, ең алдымен, айтайын деген ойдың өзегін жеткізетін және адамның жүрегіне жол табатын, сөйлем мен мәтінді құрай білетін шебер қаламгер.


Хабарламаларға жазылу