«Наз» мемлекеттік би театрына - 15 жыл (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Наз» мемлекеттік би театрына - 15 жыл (ВИДЕО)

23.10.2015
«Наз» мемлекеттік би театрына - 15 жыл (ВИДЕО)

«Наз» халықтық би ансамблі 1999 жылы Астана қаласы Мемлекеттік филармониясы жанынан құрылып, 2007 жылы мемлекеттік би театры болып, өз алдына бөлек шаңырақ көтерген.

Еліміздің әр аймағынан іріктеліп алыған дарынды, кәсіби біліктілігі жоғары жас мамандар өнер ұжымының өркендеуіне атсалысты. Шығармашылығы да қалыптасып, қазір өздері де би қойылымдарын қоя бастады.

Осыдан 15 жыл бұрын Астанада құрылған «Наз» мемлекеттік би театры мерейтойына орай ел аралап, шығармашылық кеш өткізуде. Театр ұжымы жуырда «Шежіре өрнектелген би тілімен» атты арнайы бағдарламамен Алматыға келді.

Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз. 

Хабарламаларға жазылу