Астанада Еркеғали Рахмадиевті еске алу кеші өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада Еркеғали Рахмадиевті еске алу кеші өтті

10.04.2015
Астанада Еркеғали Рахмадиевті еске алу кеші өтті

Елордада көрнекті композитор, Еңбек ері Еркеғали Рахмадиевті еске алу кеші өтті. Концерт Е.Рахмадиұлының 85 жылдық мерейтойына арналды.

Салтанатты кеште композитордың «Қамар сұлу», «Дала таңы», «Абылайхан» шығармалары орындалды. Сонымен қатар, сахна төрінде «Дайрабай», «Құдаша-думан» симфониялық күйлері қалықтады.

Ал, дарын иесінің «Аманкелді», «Толғау», «Балқаштағы кеш» поэмалары өнерсүйер қауымның мәңгі жадында.

 

Ләззат БЕКТАС

Хабарламаларға жазылу