Астанада бір топ депутат емдеу мекемелерінің жағдайымен танысты. Қазан айында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселесі бойынша Үкімет сағаты өтеді. Осыған орай Мәжілістің Әлеуметтік мәдени-даму комитетінің төрағасы Асхат Аймағамбетов бастаған депутаттар Астанадағы денсаулық сақтау нысандарын аралады. Емханалар мен ауруханаларға барып, мәселелерді дәрігерлер мен науқастардың өзінен естіп қайтты.
Тұрғындар сақтандыру аясында енгізілген ақпараттық жүйедегі кемшіліктерге шағымданды. Себебі медициналық қызмет алу үшін науқастар апталап, тіпті айлап кезек күтуге мәжбүр. Мұнда депутаттар медицина қызметкерлеріне арналған екі дерекқорды біріктіру кезінде дәрігерлердің қандай қиындықтарға тап болатынын өз көздерімен көрді. Бұл науқастарға қызмет көрсету уақытын айтарлықтай әсер етеді.
Қуан Нұрақын