Құмар ойынға әуестер ресми түрде ауру қатарына жатқызылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Құмар ойынға әуестер ресми түрде ауру қатарына жатқызылады

21.09.2023

Құмар ойынға әуестер енді ресми түрде ауру қатарына жатқызылады. Бүгін Мәжілісте лудомания мәселесі қаралып, Денсаулық сақтау министрлігіне осындай ұсыныс жасалды. Бүгінде дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ауруды ресми түрде мойындаған. Одан бөлек, бәс тігу жарнамалары шектеліп, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы күрес күшейтілмек. Ең негізгісі құмар ойынға әуес адамдарды анықтаудың нақты тәсілдері әзірленіп, ойын бизнесіндегі компаниялардың салығы әкімшілендірілмек. Жауапты мемлекеттік мекемелер бүгінгі айтылған мәселелерді пысықтап, қосымша ұсыныстарын 1 аптаның ішінде мүдделі органдар мен ұйымдарға жіберетін болды.

Қанат Ысқақов, ҚР Мәдениет және ақпарат минитрінің орынбасары:

Осы үш жылдың ішінде 11 мың интернет-казино сілтемелерді, ставка қоятын сілтемелерді бұғаттадық. Алайда, тек мемлекеттік мекеменің күш жігерімен интернет казино жарнамалау мәселесін шешу мүмкін емес. Біздің интернет ресурста kogam.gov.kz шағымдану бөлімі жұмыс істейді. Оған кез келген қолданушы күдікті саналатын материал немесе сайт туралы ақпарат қалдыра алады.

Хабарламаларға жазылу