Инвесторлардың құқығын қорғау тетіктері күшейтіледі
Үкімет инвесторлардың құқығын қорғау және бизнеске қолайлы орта қалыптастыру мәселесін қайта қарады. Премьер-министр Олжас Бектенов Президент тапсырмаларын іске асыру аясында арнайы кеңес өткізді. Жиында инвестициялық жобаларды сүйемелдеу, әкімшілік кедергілерді азайту және инвесторлардың мәселелерін жедел шешу тетіктері талқыланды. Үкімет басшысы инвестиция тарту ел экономикасының басым бағыты екенін атап өтіп, мемлекеттік органдарға инвесторлармен жұмысты күшейтуді тапсырды. Сондай-ақ бизнеске түсетін артық жүктемені азайтып, құқықтық кепілдіктерді күшейтуге басымдық берілетіні айтылды. Бұл шаралар елдің инвестициялық тартымдылығын арттыруға бағытталған.
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құлсарыда жаңа теміржол вокзалы ашылды
21.10.2026, 17:25
Ақмола облысының жастары саятшылыққа әуес
21.10.2026, 17:20
60 велошабандоз көк байрақпен Алматыны шарлады
21.10.2026, 17:19
«Атамекен» әнін 460 оқушы бірге шырқады
21.10.2026, 17:18
Республика күніне орай сауда орталықтары акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 17:17
Жамбылдық зейнеткер құс өсіріп, табыс тауып отыр
21.10.2026, 17:15
Елордалық цирк маңайы абаттандырылды
21.10.2026, 17:13
Петропавлда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында 100 көшет егілді
21.10.2026, 17:12