Басты Жаңалықтар Кәсіби бағдарлау: «Jas Skills» облыстық чемпионаты өтіп жатыр

Кәсіби бағдарлау: «Jas Skills» облыстық чемпионаты өтіп жатыр

Көкшетауда оқушылардың кәсіби дағдыларын дамытуға бағытталған «Jas Skills» облыстық чемпионаты өтіп жатыр.

Балалардың құрастырған роботтары кедергілерді өтіп, жүкті тиісті жерге жеткізуі тиіс. Бұл барлығына ортақ тапсырма болғанмен, балалар әр түрлі инженерлік шешім қабылдайды. Осымен 5-ші жыл қатарынан өтіп жатқан байқауға 130-ға жуық оқушы қатысты. Балалар мобильді робототехника, графикалық дизайн, компьютерлік ойындарға арналған 3D-модельдеу, зертханалық химиялық талдау, өсімдіктер биотехнологиясы бағыттары бойынша сынға түсті. Сондай-ақ биыл киім дизайны мен модельдеу, қыш өнері, жасанды интеллект және кәсіпкерлік негіздері секілді жаңа бағыттар қамтылды.

Олжас Ахметов, Абай атындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 8-сынып оқушысы:

Мен робототехника үйірмесі және биология, химия салаларында мен биоинженерияға оқығым келеді. Себебі мен адамдарға пайдалы нәрсе жасаймын. Мүгедектігі бар адамдарға протез жасап, олардың өміріне көмектесемін.


Бөлісу