Өскемендегі жарылыс: Астанадан дәрігерлер жіберіледі
Өскемен қаласындағы «Казцинк» кәсіпорнында болған жарылыстан зардап шеккен науқасқа көмек көрсету үшін Астанадан Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының мамандары жіберіледі. Күні кеше өңір дәрігерлері апат кезінде жарақат алған 1980 жылы туған ер адамның денесінің 90 пайызын кең ауқымды термиялық күйік шалып, тыныс алу жолдары мен көзі зақымданғанын хабарлаған еді. Сондықтан жауапты кәсіпорын емдеу шараларын күшейту мақсатында республикалық деңгейдегі мамандарды тарту туралы шешім қабылдаған. Қазіргі уақытта ер адам дәрігерлердің тұрақты бақылауында. Оған қарқынды терапия жүргізіліп жатыр.
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құлсарыда жаңа теміржол вокзалы ашылды
21.10.2026, 17:25
Ақмола облысының жастары саятшылыққа әуес
21.10.2026, 17:20
60 велошабандоз көк байрақпен Алматыны шарлады
21.10.2026, 17:19
«Атамекен» әнін 460 оқушы бірге шырқады
21.10.2026, 17:18
Республика күніне орай сауда орталықтары акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 17:17
Жамбылдық зейнеткер құс өсіріп, табыс тауып отыр
21.10.2026, 17:15
Елордалық цирк маңайы абаттандырылды
21.10.2026, 17:13
Петропавлда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында 100 көшет егілді
21.10.2026, 17:12