Диқандар қолдаусыз қалмайды. Жаздағы аптаптан алқабы күйіп кеткен шаруаларға тиісті көмек беріледі. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров мәлімдеді. Фермелер кредит мерзімін ұзартуды сұраған еді. Сондай-ақ, субсидияны жыл соңына дейін төлеуді, лизингпен берілетін кептіргіш құралдардың лимитін арттыруды талап еткен. Бұл мәселелердің барлығын арнайы құрылған мәселе пысықтап жатыр. Әр жағдай бойынша қажет көмек көрсетілетінін айтты ведомства басшысы.
Жалпы, қазіргі таңда егіс алқаптарының 40 пайызы жиналды. Былтырғы қарқын биыл байқалмайды. Есеп бойынша қамбаға 16 млн тонна астық түсуі тиіс еді. Алайда толассыз жаңбырдан 2,7 млн гектар егін жарамсыз болды. Өнімнің орташа шығымдылығы да жылдағыдан 2,7 центнерге төмен.
Айдарбек Сапаров, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі
Егін далада қалмайды деп жоспарлап отырмыз. Өйткені техникасы жетпейтін шаруашылықтарға көрші ауданнан, көрші облыстардан комбайн дайындап жіберетін боламыз. Бұл бізде бақылауда және әкімшілік комиссия да бақылауда ұстап отыр. Шаруашылықтарға көмек болады.