Бельгияда «Автокөліксіз бір күн» шарасы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бельгияда «Автокөліксіз бір күн» шарасы өтті

18.09.2023

«Автокөліксіз бір күн». Бельгияда осындай дәстүрлі шара өтті. Жұрт бұл күні көліктерін велосипедке ауыстырды. Брюссель көшелерінде күн сайын 400 мыңдай көлік жүреді. Ал осы күні қалада автобус, трамвай мен санаулы таксиден өзге көліктердің жүруіне рұқсат жоқ. Талапты орындамаса қомақты айыппұл салынады. Шараның мақсаты-халықтың қалтасын қағу емес, оларды экологиялық таза көліктерге көшуге үндеу. Гринпис мамандары автокөліксіз бір күнде қаладағы шуыл 6-8 есе, ал ауаға тарайтын қауіпті микробөлшектер санаулы уақыттың ішінде 5 есеге азайғанын айтады.

Берна Буйон, зейнеткер:

Біздің жас кезімізде Брюссельде көшеде көлік аз, қаланың ауасы таза болатын. А, қазір тынысың тарылады. Өзім экологияны ластамау үшін жастайымнан велосипедпен жүрем. Денсаулыққа пайдалы.

Жерар Хомус, Брюссель қаласының тұрғыны:

Автокөлікіз бір күн біз үшін отбасылық мереке. Веосипедпен қаланы еркін аралаймыз. Қазірдің өзінде ауаның тазарғаны сезіледі, тыныс алу жеңілдеді. Осындай күндер жылына кем дегенше үш рет болуы керек.


Нұрсұлу Қасым

Хабарламаларға жазылу