Бүгін қазақстандықтар «Автокөліксіз күн» акциясына қатысады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін қазақстандықтар «Автокөліксіз күн» акциясына қатысады

22.09.2014
Бүгін қазақстандықтар «Автокөліксіз күн» акциясына қатысады

Бүгін  қазақстандықтар «Автокөліксіз күн» акциясына қатысады.

22 қыркүйек - Дүниежүзілік автокөліксіз жүру күнінде автокөлігі бар адамдарға бір күнге өздерінің жеке көліктерімен емес, қоғамдық көлік, велосипед немесе жаяу жүруге ұсыныс жасалады.

Шараға байланысты бүгін  Алматыда метрода және қоғамдық көлікте жүру құны 50 пайызға арзандайды.

 «Автокөліксіз күн» дәстүрі 1997 жылы Англиядан басталған. 2001 жылы дүниежүзілік акция әлемнің 35 елінің қаласында өтті.

Шара отын дағдарысынан кейін ірі мегаполис  көшелерін автокөліктерден босату және қоғамдық көліктердің артықшылығын көрсету үшін қолға алынған. 

Хабарламаларға жазылу