Атырау облысы Құлсары қаласындағы «Жылыойсу» мекемесі кәріз суын шаһар маңына рұқсатсыз төгіп келген. Қазір бұл аумақта сасық көл пайда болған. Мұнда төрт-түлік жайылады,сондықтан шаруалар да дабыл қағып отыр. Ауданда кәріз суын тазарту кешені жоқ. Ал жергілікті билік әлі күнге дейін кәріздік-тазарту қондырғысының құрылысын аяқтауға құлықсыз. Осыдан бірнеше жыл бұрын салына бастаған кешеннің қаңқасы ғана қалқиып тұр.
Нұрлан Жахин, Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары:
Сарқынды сулардың рұқсатсыз төгілуі департамент қызметкерлері мен жедел-іздестіру шараларын жүзеге асыру барысында анықталған болатын. Жылыой аудандық сотының қаулысымен «Жылыойсу» мекемесі 274 млн теңгеден астам айыппұл төлеу бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Жандос Темірғали