Өңірлік ғылымды дамытуға басымдық беріледі
Қызылордада Президент жанындағы Ұлттық Ғылым академиясының көшпелі отырысы өтті. «Қуатты өңірлік ғылым – қуатты өңір» атты жиында ғылыми-инновациялық жүйені жаңғырту тұжырымдамасы таныстырылды. Аймақта ғылымды қаржыландыру, жобаларды жүзеге асыру мәселесі талқыланды.
Конституцияда адами капиталды, білім беруді, ғылым мен инновацияларды дамыту - мемлекеттік саясаттың стратегиялық бағыты ретінде бекітілген болатын. Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясы Осы мақсатта 2026-2031 жылдарға арналған ғылыми-инновациялық жүйені жаңғырту тұжырымдамасын әзірледі. Әрине, ел экономикасының дамуы ғылыммен тығыз байланысты. Дегенмен өңірлерде ғылымды қаржыландыру, жобаларды өндіріске енгізуде мәселе бар.
Ақылбек Күрішбаев, ҚР Президенті жанындағы ұға президенті:
Ғылымның қаржысының жүйесін өзгерту керек. Біз қазіргідей ғылымның тек қана зерттеулерге қаражат бөлмей, олардың қорытындыларына қаражат бөлу керек. Яғни мемлекет бақылап отыру керек ғылымның әр кезеңін қалай жүріп жатқанын. Біздің ұсынысымыз қолданбалы ғылымды салалық министрліктермен әкімдер өздері басқару керек.
Ұлттық ғылым академиясы кореялық ғалымдармен бірлесіп цифрлық платформа дайындаған. Жаңа жүйе бойынша үкіметтен қаржыландырылған әрбір жобаның жүзеге асырылу барысы қатаң бақылауда болады. Елімізде ғылымға бөлінген қаржының жетпіс пайыздан астамы Астана мен Алматы қалаларында қалады. Себебі, ғалымдардың басым бөлігі осы мегополистерде. Бұл мәселе өңірлерде өзекті. Сондықтан енді өңірлік ғылымды дамытуға басымдық беріледі.
Ардақ Зебешев, облыс әкімінің орынбасары:
Өңірдің әлеуметтік, экономикалық және технологиялық дамуға ғылым мен білімнің тікелей байланысы бар. Сондықтан қазіргі таңда инновацияға негізделген және экономиканы жаңа үдерістерге қалыптастыруға жұмыс жүргізудеміз.
Жиында аймақтарда ғылыми жобаларды қаржыландыру, жүзеге асыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды баяндалды. Сондай-ақ Қызылорда қаласын жер асты сулары есебінен суландыру, құрғақшылыққа төзімді дақылдарды егу, мал шаруашылығына қажетті жоғары сапалы азық түрлерін дайындау сияқты мәселелер сөз болды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы