«Тұлпармен өткен бір күн» атты этно-танымдық шара өтті
«Тұлпармен өткен бір күн». Елордалық оқушылар бүгін осындай ерекше этно-танымдық шараға қатысты. Қаладағы этно-сауықтыру кешенінің біріне жиналған 50 оқушы атқа мінуді үйреніп, құмай тазымен серуендеп, садақ атып, қыран бүркітті ұстап көрді. Әсіресе таза қанды ақал теке жылқысына оқушылардың қызығушылығы ерекше болды. Сондай-ақ ағылшын және қазақтың Қарабайыр жылқалырының күтімі, олардың қоректенетінуі жайында да кеңінен ақпарат берілді. Ұйымдастырушылар, осылайша жасөспірмдерге көшпелілер мәдениетінің ерекшелігін таныстырып, жеті қазынаны жетік білуді үйретеміз дейді.
Айдын Сейтханов, 7-сынып оқушысы:
Балалық шағымдағы эмоцияларды, кездерімді қайта есіме алдым, ауылда атпен көп серуендейтін едім және қайта атқа міну мен үшін өте қуанышты. Себебі ат ол әрбір қазақтың жүрегінде бар және оны білу біз үшін өте маңызды.
Әділ Орынбасарұлы, ұйымдастырушы:
Жылқылар немен қоректенеді, күніне қанша литр су ішеді деген сияқты ерекшеліктерін атайтын боламыз, сондықтан да осындай жобаларды алдағы уақытта жиі-жиі жасасақ деген жоспарымыз бар. Ертоқымның не екені, жүгеннің не екенін, ат әбзелінің не екенін, жетіқазынаның не екенін таныстырған боламыз.
Автор
Айжан Иманғали
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Атырауда Халықаралық шахмат турнирі басталды
13.10.2026, 20:29
Ұстаз Қанипа Бітібаеваның әдістемесі мектептерде пайдаланылады
13.10.2026, 20:26
Сарапшылар: Қазақстан Конституциясы сөз бостандығына кепілдік береді
13.10.2026, 20:08
Әлем жаңалықтарына шолу
13.10.2026, 20:06
Жедел жәрдем бригадасының қозғалысын картадан бақылауға болады
13.10.2026, 20:05
Бельгия Королі мен Патшайымы қазақтың ұлттық дәстүрлерімен танысты
13.10.2026, 20:05
Бельгиямен байланыстың жаңа белесі басталды
13.10.2026, 20:05
«Алтын виза» енгізіледі: Құрылтай көші-қон заңнамасын жетілдіруге кірісті
13.10.2026, 20:04