Жасөспірімдер тәртіп сақшыларының жұмысымен танысты
Бүгін Астана қалалық полиция департаментінде мектеп оқушылары мен студенттерге арналған ашық есік күні өтті. Іс-шара арнайы Отан қорғаушы күніне орай ұйымдастырылған. Кездесуге 60-тан астам жасөспірім қатысты.
Тұрғындардың тыныштығын күзетіп жүрген тәртіп сақшылары тәжірибесін бөлісті. Ізінен ерген өрендерге күнделікті жұмысы мен арнайы техникаларды көрсетті. Болашақ буын сан түрлі қаруды көзімен көріп, көңілмен сезінгені байқалады. Арнайы мақсаттағы автокөліктердің де мүмкіндіктеріне қанық болды.
Ертай Мұратбаев, студент:
Бізге бүгін Президенттерді қарсы алатын көліктерді көрсетті. Бізге қатты ұнады. Бұл осы салаға деген жұмыс істеуге құлшынысымызды арттырып жатыр.
Әсіресе жедел қимылдайтын арнайы жасақтың қоян қолтық белдесуі жасөпірімдердің делебесін қоздырғандай. Олардың тактикалық әрекеті көпшілікті сүйсінтті.
Әлібек Жүсіпов, қалалық Жастар саясаты мәселелері басқармасының бас маманы:
Бұған дейін де біз Төтенше жағдайлар департаментінде және Қорғаныс министрлігінде осындай ашық есік күндері өткен болатын. Оғанда жастарымыз белсенді қатысты. Бүгінгі шараның басты мақсаты болашақта жастардың жаңағы мамандық таңдауындағы көмек көрсету және де патриоттық рухты көтеру.
Мұндай бастама жастардың жауапкершілік пен патриоттық сезімін нығайтуға ықпал етері анық. Ағаларының ізін басқан айбынды жауынгерлердің саны артарына сенім мол.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы