Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева «Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы» заңға қатысты пікір білдірді.
«Заң жобасы бүгінде ақпарат тарататын блогерлердің жауапкершілігін қарастырады. Әр адам сөзіне және ісіне жауапты болуы керек. Заң бар, жалған ақпарат таратқаны үшін нақты жауапкершілік көрсетілген», - деді министр отандық БАҚ-қа берген сұхбатында.
Сондай-ақ мәдениет және ақпарат министрі жаңа заңның негізгі мақсаты жазалау емес. Бірінші кезекте жалған ақпараттың тарап кетпеуіне жол бермеу және алдын алу екеніне екпін түсірді. Биыл «Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы» заң күшіне енді. Бұдан былай блогерлер жалған ақпарат таратқаны үшін әкімшілік жауапқа тартылады. Ал интернетте жарнама жасайтындар жеке кәсіпкер ретінде тіркелуі шарт.