Абай облысында атом энергиясының қауіпсіздігі жайы талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Абай облысында атом энергиясының қауіпсіздігі жайы талқыланды

13.09.2023

Болжам бойынша 10 жылдан кейін Қазақстанда электр қуатының тапшылығы сезіле бастайды. Жыл сайын мәселе ушыға түсуі мүмкін. Сондықтан қуат көзін атом энергиясынан алатын кез жетті дейді ғалымдар. Ұлттық ядролық орталықта «Семей сынақ полигоны: мұрасы және ғылыми-техникалық әлеуетінің даму келешегі» атты халықаралық конференцияда осы мәселе талқыланды. Отандық және шет елдік ғылымдар атом энергиясының қауіпсіздігі және термоядролық энергетиканы дамыту бойынша тәжірибесімен бөлісті. Ұлттық ядролық орталықта көп жылдардан бері зерттеулер жүргізіліп келеді.

Ерболат Қоянбаев, Атом энергиясы институты директорының орынбасары:

Электр энергиясын біз қазіргі уақытта көмір энергиясынан, көмірді жағып жылу электр станцияларынан аламыз. Ал ол жылу электр станциялары Кеңес дәуірінде салынған станциялар ғой. Ауыстыратын базалық электр энергия көзі керек. Атом энергетикасын Қазақстанда салу, салмау деген сұрақ негізінде тұрмауы керек. Ол техникалық жағынан ешқандай күмән тудырмайтын мәселе ғой.


Ержан Жақып

Хабарламаларға жазылу