Энергетикалық стратегияның басты бағыттары талқыланды
«Келешектің жұмбағы: Қазақстан энергетикалық стратегиясын жан-жақты іздестіруде». Бүгін осындай тақырыппен АҚШ сауда палатасының форумы өтті. Отандық және шетелдік сарапшылардың басқосуында елімізде энергияның дәстүрлі көздерін тиімді пайдалану, атом энергетикасының маңыздылығы айтылды.
Сондай-ақ, «жасыл экономикаға» көшу жобасының негізгі тетіктері талқыланды. Баламалы энергияны дамыту жайы да сөз болды. 2030 жылға дейін республикада қуаттылығы жоғары жаңа электр станциясын салу жоспарлануда. Форум аясында осы мәселе жан-жақты талқыланды. Америка сауда палатасы Қазақстанның энергетикалық әлеуетін арттыруға үлес қосуға ниетті.
Нұрлан Қаппаров, ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрі:
Қазақстанда электр энергиясының барлық түрлерін дамыту керек. Бұрынғыдай көмірге қарап қалуға болмайды. Атом өнеркәсібі, газ энергетикасын, жаңартылмалы энергия көздерін дамыту керек. Бүгінгі форумда америкалық әріптестерімізбен осы бағыттағы әріптестікті нығайту мәселелерін талқыладық.
Гүлжан ҚАЛТАЙҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бүгін Әлем біріншілігінің жеребесі тартылады
05.12.2025, 21:27
Ақтөбеде ұлттық дәстүрлерді ұлықтаған этнофестиваль өтіп жатыр
05.12.2025, 20:36
«Медиадиалог» сарапшылар клубы құрылды
05.12.2025, 20:33
Жылдың үздік волонтерлері анықталды
05.12.2025, 20:30
Концерт өткізу кезінде фонограмма пайдалануға тыйым салынды
05.12.2025, 20:28
Дипломдардың деректер базасы құрылды
05.12.2025, 20:26
Сиыр етін экспорттауға жыл соңына дейін квота енгізілді
05.12.2025, 20:21
Ауыл шаруашылығы өнімдері терең өңделе бастайды
05.12.2025, 20:20