Қарағанды облысында ерекше балаларға заманауи сыныптар сыйға тартылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысында ерекше балаларға заманауи сыныптар сыйға тартылды

13.09.2023

Қарағанды облысында денсаулығына байланысты мүмкіндігі шектеулі балалар оқитын 10 арнайы мектептің сыныптары қайта жаңартылып жатыр. Олар енді еуропалық талапқа сай құрал-жабдықтармен жарақталады. Ал мұғалімдері болса интерактивті және мамандандырылған жабдықтармен жұмыс істеп үйреніп, шеберліктерін шыңдайды. Бұл «Қазақстан Халқына» қорының жергілікті билікпен бірге жүзеге асырып жатқан жобасы. Игі жұмыс елдің барлық өңірін қамтып, жыл соңына дейін жүзге жуық арнайы мектеп қайта жаңғырады. Президент тапсырмасымен құрылған қорда қазір 160 млрд теңгеге жуық қаржы жиналған. Мамандар Қарағанды облысының білім және денсаулық сақтау саласына 2 млрд теңге құйыпты. Кеншілер өңірінде есту қабілеті нашар балаларға арналған арнайы мектеп-интернатында алғашқы жоба жүзеге асты. Мұнда 120-ға жуық бала білім алады.

Кәмила Мұхамедрахымқызы, ата-ана:

Маған осы мектептің білім беруі қатты ұнады. Сондықтан Астанадан Қарағандыға мектепке бола көшіп келдік. Қазір білімді ұстаздар есту қабілеті нашар балаларды оқытып жатыр. Жаңа сыныптар бұл істі жеңілдетеді деп ойлаймын.


Руслан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу