Ақмола облысында шаруалар шығынға баттық деп отыр
Ақмола облысы Атбасар ауданындағы шаруалар 2 миллиард теңге шығынға баттық деп отыр. 23 мың гектардай алқапты киіктер таптап кеткен. Салдарынан егіннің шығымы нашарлады. Диқандар түз жануарларынан қорғану үшін күзетші қойып, егістіктің айналасын тікен сыммен қоршап тастаған. Алайда одан нәтиже жоқ көрінеді. «Өйткені жануарлар адамнан да, техникадан да қорықпайды»,- дейді шаруалар. Аймақта киік көбейіп барады. Үш жыл бұрын ақбөкен саны 50 мыңдай болса, қазір 120 мыңнан асқан.
Валерий Петров, шаруа:
Киіктен қорғану үшін электр бақташыны орнаттық. Кезек-кезек күзетіп те отырмыз. Жануарларды айдау үшін адамдар жалдаймыз. Бірақ ешқандай нәтиже жоқ. Оларды қуып шығару да мүмкін емес. Жүрген жерін жайпап өтеді. Биыл міне, 3 мың гектар алқапты таптап кетті. Қайда барып, кімге шағымданарымызды да білмей отырмыз.
Ұмсындық Наурызбаева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Таза Қазақстан – таза аймақ
17.07.2026, 20:15
Металлургтердің 75 пайызы – жас мамандар
17.07.2026, 20:13
Әлеуметтік желіге коменданттық сағат енгізіледі
17.07.2026, 20:09
Бангладеште қызылша індеті өршіді
17.07.2026, 20:08
Мүгедектігі бар азаматтарды қолдауға 1,1 трлн теңге бөлінді
17.07.2026, 20:07
Ресейде денге безгегі тіркелді
17.07.2026, 20:06
ОСК: «Ақ жол» партиясының кандидаттар тізімі тіркелді
17.07.2026, 20:06
Азаматтардың басым бөлігі сайлауға қатысуға дайын
17.07.2026, 20:05