Атырауда «Saraishyq upgrade» атты халықаралық жастар форумы басталды
Атырауда «Saraishyq upgrade» деген атаумен халықаралық жастар форумы басталды. Оған Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан мен Әзірбайжаннан және елдің батыс облыстарынан 200-дей делегат келді. Белсенді жастар IT, мәдениет, өнер, маркетинг, кинематография саласы бойынша тәжірибе алмасады. Арнайы шақыртылған спикерлер екі күн дәріс өткізеді. Шарада алдағы уақытта өңірдің көшбасшы жастары үшін креативті орталық құру жайы талқыланбақ. Форумға қатысушылар Хан ордалы Сарайшық қалашығының қазба орнына барып, көне шаһардың тарихымен де танысады.
Шохрух Абдуллаев, Халықаралық жастар форумының қатысушысы:
Форумда маркетинг саласы бойынша білгеніммен бөлісемін. Жастар қоғамның қозғаушы күші ғой. Олар соңғы технологиямен қаруланып, қазіргі заманның қажетіне қызмет етуі тиіс. Жақсы тәжірибе алмасу алаңына айналады деп сенемін.
Жандос Темірғали
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы «Тұрғын үйді міндетті сақтандыру»: Талаптары қандай?
27.09.2026, 20:25
Халық кеңесіне қандай міндет жүктелді?
27.09.2026, 20:10
Мемлекет басшысы Маңғыстау облысында болған оқиғаға қатаң баға берді
27.09.2026, 20:05
Ауыл дәрігерлері 600 науқасқа жүрек отасын жасаған
27.09.2026, 17:16
Ұлытауда бір күнде 4 теміржол вокзалы пайдалануға берілді
26.09.2026, 20:13
Еңбек күні қарсаңында Премьер-министр Олжас Бектенов «Еңбек – ел мұраты» іс-шарасына қатысты
26.09.2026, 13:18