Астанада «Заманамызда болған ғұламалардың ғұмыр тарихтары» атты кітаптың тұсаукесері өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Заманамызда болған ғұламалардың ғұмыр тарихтары» атты кітаптың тұсаукесері өтті

11.02.2016
Астанада «Заманамызда болған ғұламалардың ғұмыр тарихтары» атты кітаптың тұсаукесері өтті
Еңбек Сәдуақас Ғылмани жазбаларының негізінде жарыққа шықты.

Жаңа кітап 1000 дана болып басылып шықты. Кітапта XIX-XX ғ.ғ. солтүстік өңірде өмір сүрген 59 діни қайраткердің өмір жолы жазылған. Одан бөлек 100-ге жуық адамның аты аталады. Олардың қай медреседе білім алғандығы, ұстаз-шәкірттері кім болғандығы толық баяндалады.

Туындыдағы деректер дәстүрлі исламның қазақ қоғамындағы орнын айқындайды. Кітапты шығарушылар діни тұлғалар арқылы өзгелерге тәрбие беруді мақсат етіпті.

Ермек ЕЛБЕРГЕН

Хабарламаларға жазылу