Бейбіт Құсанбектің «Өмір өзен» кітабының тұсаукесері өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бейбіт Құсанбектің «Өмір өзен» кітабының тұсаукесері өтті

04.10.2017

Астанада белгілі журналист, марқұм Бейбіт Құсанбектің «Өмір өзен» атты кітабының тұсаукесері өтті. Жаңа туындыға отандық тележурналистика тарланының еңбектері енген. Сұхбаттар мен мақалаларды біріктіріп, кітап шығаруға мұрындық болған - марқұмның жары Ғазиза Исахан.

Отандық журналистиканың дамуына айрықша үлес қосқан Бейбіт Құсанбектің бұған дейін «Бір сәт және бүкіл ғұмыр» атты еңбегі де оқырманға жол тартқан болатын. Қазақстан журналистер академиясының «Алтын жұлдыз» сыйлығының иегері осындан он жыл бұрын 45 жасында дүниеден озды. 

Елдос САПАРҒАЛИ

Хабарламаларға жазылу