Қостанай облысында 5 адамнан короновирус анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысында 5 адамнан короновирус анықталды

13.09.2023

Қостанай облысында ұзақ үзілістен соң 5 адамнан короновирус инфекциясы анықталды. Өңірде соңғы рет жария түрде былтыр желтоқсан айында 108 адамның індет жұқтырғаны туралы айтылған еді. Ал шілде айында екі адам ауырған. Санитар дәрігерлер тамызда аймақ жұқпалы дерттен ада болды деді. 5 адамның COVID-19 жұқтыруы қыркүйек басталған 13 күн ішінде тіркеліп отыр. Мұны мамандар салқын түсе инфекциялық аурулардың күшеюінен болуы мүмкін дейді. Короновирус қазір жаппай індет түрінен, тұмау сияқты маусымдық ауруға айналып барады. Сондықтан одан сақтану үшін вакцина алу маңызды.


Дәуренбек Әбдібек 

Хабарламаларға жазылу