Президент шахматтан әлем чемпионатына қатысушыларды құттықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент шахматтан әлем чемпионатына қатысушыларды құттықтады

26.12.2022

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев рапид пен блицтен ерлер мен әйелдер арасында өтетін шахматтан әлем чемпионатына қатысушыларды құттықтады.

Мемлекет басшысы «Халықаралық шахмат федерациясының басшылығына осы турнирді Қазақстанда өткізуге көмектескені үшін алғыс білдіремін. Мұндай беделді жарыстар, әрине біздің елімізде шахматты танымал етуге септігін тигізеді», - деді.

Алматыда шахматтың рапид және блиц түрінен әлем чемпионаты басталды. 50 мемлекеттен келген 300-ге жуық ойыншы чемпиондыққа таласады. FIDE мен Қазақстанның шахмат федерациясы ұйымдастырған турнирдің жүлде қоры - 1 млн доллар. Балуан Шолақ спорт және мәдениет сарайында ұйымдастырылған жарысқа 176 ойыншы қатысып жатыр. Олардың 98-і әйел.

Әлемнің әр түкпірінен келген жеңіске үміткерлер қатарында қазіргі әлем чемпионы, норвегиялық Магнус Карлсен бар. Әлемдік додада Қазақстан намысын Жансая Әбдімәлік пен Бибісара Асаубаева қорғайды. Айта кетейін, бұған дейін осы спорт түрінен «Мектептегі шахмат» ауқымды жобасын жүзеге асыру жоспарланып, Жол картасы әзірленген болатын.

Хабарламаларға жазылу