Қарағанды облысында жыл басынан бері 19 адам малдан бурцеллез жұқтырды
Қарағанды облысында жыл басынан бері 19 адам малдан бурцеллез жұқтырған. Аша тұяқтыларға жабысатын ауру Қарқаралы, Нұра және Ақтоғай аудандарында анықталған. Ондағы Қусақ, Мәди және Мыңбаев ауылдарынан ет және сүт өнімдерін шығаруға тыйым салынып, шектеу енгізілген. Ауырған 200-ден аса ірі қара ет комбинаттарына өткізілген. Әр мал басының нарықтық құны анықталып, мемлекет тарапынан өтеліп жатыр. Ауру ошақтары анықталған ауыл малдарынан әр екі апта сайын сынама алынып отырды. Бруцеллездің адамға жұғу жағдайы болғанын санитар дәрігерлер де растап отыр. Дәрігерлер ет өнімдерін ветеринарлық бақылауы бар базарлар мен дүкендерден алуға кеңес береді. Сақтық үшін ет пен сүтті ұзақ уақыт қайнатқан дұрыс дейді.
Руслан Нұрланұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жасөспірімдер тәртіп сақшыларының жұмысымен танысты
06.05.2026, 20:56
Өңірлік ғылымды дамытуға басымдық беріледі
06.05.2026, 20:54
Шоқан – қазақ ғылымының бетке ұстары
06.05.2026, 20:53
Ерлік пен Патриоттық егіз ұғым
06.05.2026, 20:48
«Тұлпармен өткен бір күн» атты этно-танымдық шара өтті
06.05.2026, 20:46
Әкелер арасында волейболдан жарыс өтті
06.05.2026, 20:45
Мәйіттік ағза донорлығы адам өмірін сақтап қалуда
06.05.2026, 20:22
«Қазцинк» кәсіпорнындағы жарылысқа қатысты тергеу аяқталды
06.05.2026, 20:18