Нарыққа шетелдік банктердің келуімен қаржы институттары арасында бәсекелестік орнайды – сарапшы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нарыққа шетелдік банктердің келуімен қаржы институттары арасында бәсекелестік орнайды – сарапшы

11.09.2023

Қазақстан нарығына шетелдік банктер келсе, қазіргі екінші дейгейлі қаржы институттары арасында бәсекелестік орнайды. Олар тұтынушыларды тарту үшін түрлі тиімді ұсыныстарды іске асыруы мүмкін. Осылай деген сарапшылар сырттан келетін қаржыгерлердің қомақты қаражатын экономикада оңтайлы пайдалануымыз керек деп отыр. Президент жуырдағы Жолдауында кем дегенде 3 шетелдік банкті тарту керектігін алға тартқан еді. 

Қазақстан нарығына шетелдік банктер келсе, несие беру саясаты тұтынушыларға да, бизнес өкілдеріне де тиімді болады. Еліміздегі отандық сарапшылардың басым бөлігі осындай пікірде. Бірақ, банктер қарызды 16 жарым пайыздан төмен бермейді. Өйткені, сырттан келген банктің өзі Ұлттық банктен теңгені осындай пайызбен алады. Аз - кем тәуекел шығындарын қосып, клиентті тарту үшін ең төменгі пайызбен кредит алуды, ал жоғары пайызбен депозитте қаражат жинауды ұсынады.

Мақсат Халық, экономист:

Бірінші кезекте елдегі инфляция төмендеуі керек. Ұлттық банктің жоспарларына қарасам келесі жылы 5 пайызға дейін төмендетеміз деген миссиялары бар екен. Ол еліміздегі Үкіметтің саясатына байланысты өндірістік саясатына. Егер сол дұрыс жүрсе, Ұлттық банктің базалық пайыздық мөлшерлемесі де төменедейді. 7 пайызға дейін шартты түрде алып қарасақ. Ондай кезде кез-келген халықаралық банктер де келуге дайын болады.
Қазір елімізде бас-аяғы 21 екінші деңгейлі банк бар. Оның 11-і шетелдік банктің қатысуымен жұмыс істейді. Ал 8-і халықаралық банктің еншілес қаржы ұйымы. Ал көрші Өзбекстанда 33 банк бар екен. Экономистер, сырттан енді келетін банктер бизнеске серпін беретіне сенімді.

Нұржан Бияқаев, банк мәселелері бойынша тәуелсіз сарапшы:

Бәсеке болуы үшін шетелден банктердің келгені дұрыс. Қазіргі банктер қаражатты Ұлттық банктің нотасына салады. Құнды қағазға ғана сенім артады. Тәуекелге барғысы келмейді. Ал бізге экономиканы көтеру керек. Ірі кәсіпкерліктен бұрын, орта мен шағын бизнесті қаржыланыру маңызды. Өзге елдің банктері тиімді шарттармен іскерлерді несиелендірсе, біздің де банктер қатар жұмыс істеудің жолын ұсынады.
Сапарбай Жобаев:

Ресейге салынған санкцияның салдарынан жабылған 3 ірі банктің орнын Европалық қаржы ұйымының басқаны тиімді болар еді дейді.Олар құнды қағаздардан қалай пайда табуға болатынын мықтап үйретеді деп отыр.
Сапарбай Жобаев, экономист:

14 триллион теңге ақшаны депозитке салып қойғанбыз. Ал олардың тиімді жұмыс істеуі үшін бағалы қағазға, облигация, акцияларға, депозиттік сертификаттарға салған дұрыс болар еді. Осы шетелден келген банктерді пруденцалдық нормативтер дейді, шектеулер бар. Мәселен, ір құрылтайшыға көбірек несие бермеу, пайыз мөлшерінің қарастырылуы сол сияқты көп шектеулер бар. Осыны біздің агентсво реттеу керек.
Сарапшылардың пайымынша, бәсеке тек банктер арасында емес, онда жұмыс істейтіндер білікті қызметкерлерлер арасында да болатынын алға тартады. Әзірге Қаржы нарығын реттеу агенттігі қай елден қандай банктердің келетіні белгісіз деп отыр. Айта кетейік қазір 21 банктің айналымында 46 триллион теңге бар.


Әйгерім Ердәулет

Хабарламаларға жазылу