Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдер Қазақстанда банк филиалдарын аша алады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдер Қазақстанда банк филиалдарын аша алады

20.12.2019

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдер енді Қазақстанда банк филиалдарын аша алады. Яғни біздің нарық жаңа қаржы орталықтарымен толықпақ. Бұл қарапайым халық үшін тиімді. Бәсекелестік артқан сайын тиімді ұсыныстар көбейе түсетіні анық. Дегенмен, сенат депутаттары біздің банктердің қауқарынан күмәнданды. Бәсекелік ортаға төтеп бере алмай мемлекеттен көмек сұрайтын жағдайға жетпей ме деген сауал тастады. Ұлттық банк төрағасы барлық тәуекелдер есепке алынғанын және шетелдік банктер арнайы талаптарды орындаса ғана нарыққа рұқсат етілетінін айтты.

Оңғар АЛПЫСБАЙ

 

Хабарламаларға жазылу