Футбол: Қазақстан мен Солтүстік Ирландия ойнайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Футбол: Қазақстан мен Солтүстік Ирландия ойнайды

09.09.2023

Ертең, 10 қыркүйекте Астанада футболдан Еуро-2024 чемпионатына іріктеу турнирінің матчы өтеді. Қазақстан құрамасы өз алаңында Солтүстік Ирландияны қабылдайды. Айта кетейік, біздің футболшылар Солтүстік Ирландиямен соңғы рет маусым айында ойнаған еді. Шаршы алаңда отандастарымыз 1:0 есебімен жеңіске жеткен. Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиевтің шәкірттеріне ертеңгі ойында жеңіс тілейміз. Қазақстан-Солтүстік Ирландия арасындағы матч ертең сағат 19.00-де басталады. Ойын «Qazsport» телеарнасынан тікелей көрсетіледі. Біздің футболшыларға жанкүйер болайық.

Самал Қабышева


Хабарламаларға жазылу