Бүгін Ұлттық арна Польша-Солтүстік Ирландия ойынын тікелей эфирде көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Ұлттық арна Польша-Солтүстік Ирландия ойынын тікелей эфирде көрсетеді

12.06.2016
Бүгін Ұлттық арна Польша-Солтүстік Ирландия ойынын тікелей эфирде көрсетеді

Бүгін «С» тобындағы командалар Еуропа чемпионатындағы алғашқы ойындарын өткізеді. Алғашқы матч Польша мен Солтүстік Ирландия құрамаларының арасында өтеді. Бұл ойынды «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы сағат 21:50-де тікелей эфирде ұсынады.

Польша құрамасы Еуропа чемпионатында биыл үшінші рет бақ сынап жатыр. Соңғы рет 2012 жыл қатысып, топтан шыға алмаған болатын.

Ал, Солтүстік Ирландия құрамасы Еуропа чемпионатына өз тарихында тұңғыш рет қатысып жатыр.

Айта кетейік, Польша – Солтүстік Ирландия құрамалары бұған дейін 9 рет кездескен. Польша 3 рет жеңіске жетіп, 4 рет ұтылған болса, Солтүстік Ирландия 4 рет ұтып, 3 жеңілген. Ал, 2 ойында тең нәтиже тіркелген.

Айта кетейік, Польша-Солтүстік Ирландия матчының қайталауын ертең, 13 маусымда, «Kazsport» телеарнасынан сағат 12:20-да тамашалай аласыздар.

 

Хабарламаларға жазылу