Ермұхамед Мәулен: Футбол жанкүйерлерінің қолдауы ұлттық құраманы алға жетелеуі тиіс - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ермұхамед Мәулен: Футбол жанкүйерлерінің қолдауы ұлттық құраманы алға жетелеуі тиіс

07.09.2023

Бүгін үлкен футбол! Қазақстан мен Финляндия ойнайды. Қазақстан құрамасына өте қиын болады. Себебі Финляндия ойыншылары Еуропаның мықты чемпионаттарында өнер көрсетеді. Матч комментаторы Ермұхамед Мәуленнің пікірінше, тартысты ойын болады. Фин құрамасы ФИФА рейтингінде 55-орында. «Еуропалық команда қағаз жүзіндегі фаворит болғанымен, жанкүйерлердің қолдауы ұлттық құраманы алға жетелеуі тиіс», - дейді ол.

Ермұхамед Мәулен, спорт комментаторы:

Ұлттық құрамамыз намысқа тырысып, кем дегенде ұтпаса да тең ойнап, бір ұпай алса да жеткілікті деп есептеймін. Өйткені оның арғы жағында тағы да бізде ойындар бар. Іріктеу турнирінің ең қызған сәті. Негізі тарихи жағдайға тап келейін деп отырмыз. Егер Финляндияны жеңсек онда біздің Еуропа чемпионатына жолдама алуымыз шамамен 60-70 пайызға жақындайды.


Шерхан Арыстан

Хабарламаларға жазылу