Қазақстан хоккейшілері әлем чемпионатында Германияны жеңді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан хоккейшілері әлем чемпионатында Германияны жеңді

27.05.2021

Шайбалы хоккейден Лавтияда өтіп жатқан әлем чемпионтында Қазақстан құрамасы топтық кезеңде Германияны 3:2 есебімен жеңді. Бұл - Қазақстанның осы әлем чемпионатындағы қатарынан үшінші жеңісі. 

Неміс хоккейшілері биылғы бәсекеде жақсы ойын көрсетіп келеді. Турнир кестесінде үш мәрте жеңіске жетіп, тоғыз ұпаймен көш басында тұр. Есепті алғашқы болып қазақстандық Алексей Шин 26-минутта ашты. Одан кейін немістер екі бірдей шайба салып, есепте алға шықты. Үшінші кезеңде Роман Старченко таразы басын теңестірді. Одан кейін Павел Акользин біздің құраманы алға шығарды. Екі құрама бұған дейін осы турнирде бес рет кездесті. Оның екеуінде Қазақстан жеңіске жетсе, үшеуінде неміс құрамасының мерейі үстем болды. Соңғы рет біздің хоккейшілер Германия құрамасын 2005 жылы жеңген болатын. Енді Қазақстан құрамасы 28 мамырда Канадамен кездессе, Германия 29 мамырда Финляндиямен айдынға шығады.

Шерхан Жамбыұлы

Хабарламаларға жазылу