Қазақстан құрамасы Словакиядан басым түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан құрамасы Словакиядан басым түсті

07.06.2022

Тағы да жеңіс. Футболдан Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасы аясында қатарынан екінші ойында үш ұпайға ие болды. Өткен аптада Әзербайжан құрамасын жеңген жерлестеріміз кеше түнде Словакияға қонаққа барған. Трнава қаласында өткен ойын тартысты болды. Магомед Адиевтің шәкірттері кездесудің алғашқы минуттарынан бастап шабуылды үдетті. Абат Айымбетов, Рамазан Оразовтардың есепті ашуға мүмкіндіктері болды. Ал топтың фавориті болып есептелген Словактар керісінше, қорғаныстан шыға алмады. Осының нәтижесінде 26-минутта Аслан Дарабаев қарсылас қақпасынан саңылау тауып, ұлттық құраманы алға шығарды. Екінші таймда Қазақстан ойыншылары қорғаныста сауатты ойнап, словактарға гол соғуға мүмкіндік бермеді. Осылайша Қазақстан құрамасы 6 ұпаймен С тобында көш бастады. Енді сенбі Адиевтің шәкірттері Беларусь командасымен ойнайды

Ұлттар лигасы аясында бүгін Гермения мен Англия құрамасы кездеседі. Бұл ойынды түнгі он екі жарымды ұлттық арнадан көре аласыздар. Сонымен қатар, қазспорт арнасы Финляндия мен Черногория және Италия мен Венгрия құрамаларының кездесулерін тікелей эфирде көрсетеді.

Шерхан Жамбылұлы

Хабарламаларға жазылу