Қала әкімдігі: Футболға байланысты қоғамдық тәртіп, жол ережесін сақтау маңызды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қала әкімдігі: Футболға байланысты қоғамдық тәртіп, жол ережесін сақтау маңызды

07.09.2023

Тарихи әрі тартысқа толы ЕУРО-2024 іріктеу ойынына байланысты Елорда әкімдігі қала тұрғындарына бүгін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауға кеңес береді. Өйткені көлік кептелісі туындауы мүмкін. Ойын кешкі сағат 20:00-де «Астана Арена» стадионында өтеді. Демек Тұран мен Қабанбай батыр даңғылдарына көлік саны шамадан тыс көп болуы мүмкін. «Қоғамдық тәртіп, жол ережесін сақтау маңызды», - дейді қала әкімдігі.  


Аида Ахметбек

Хабарламаларға жазылу