Жол апаттарының алдын алуға көмектесетін қосымша іске қосылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жол апаттарының алдын алуға көмектесетін қосымша іске қосылды

15.11.2022

Қала ішіндегі жол апаттарының алдын-алуға көмектесетін қосымша іске қосылды. «Қорғау» бағдарламасы көше камераларының деректерін талдап, жол ережесін бұзғандар анықталса, жақын маңдағы полицейге хабарлайды.

Яғни тәртіп сақшысының планшетіне айналадағы жүргізушілер туралы ақпарат дер кезінде түсіп отырады. Қазір бұл жоба Астана, Алматы, Шымкент, Өскемен, Атырау және Түркістан қаласында жүзеге асқан. Нәтижесінде 1 мыңнан астам автокөлік айыппұл тұрағына қамалды.

726 жалған мемлекеттік нөмір пайдаланған көлік иесі анықталды. Автокөлік басқару құқығы жоқ немесе бұрын осындай құқықтан айырылған 2285 жүргізуші ұсталды.         

Серік Селеубай

Хабарламаларға жазылу