Астанада веломаусым басталуға жақын - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада веломаусым басталуға жақын

18.04.2018

Бүгін арнайы баспасөз жиынын ұйымдастырған тәртіп сақшылары велосипедті серік еткен азаматтарды жол ережелерін қатаң сақтауға шақырды. Жалпы, өткен жылы қала бойынша велосипедтің қатысуымен 11 жол оқиғасы болған. Олардың үшеуінде адам өлімі тіркелді. Дәл осындай қайғылы жағдай қайталанбас үшін сақшылар жол ережесін сақтап, белгіленген жерлерде ғана жүру керектігін ескертті. Сондай-ақ, жиын барысында Астанада тағы екі веложолақ ашылатындығы туралы хабарланды. 

Елдос САПАРҒАЛИ

Хабарламаларға жазылу