Есірткімен күреске 53 миллиард теңге бөлінеді
Есірткі бизнесімен күреске алдағы үш жылда 53 млрд теңге бөлінеді. Кешенді жоспар аясында шекаралық өткізу бекеттерінің техникалық әлеуетін арттыру көзделініп отыр.
Өңірлердегі нашақорлықты емдеу орталықтарының ескіргені де ескеріліп, оларды жаңғырту жұмыстарына 2,3 млрд теңге бағытталмақ. Үш жылға қабылданған кешенді бағдарлама аясында облыстарда сараптамалық орталықтар ашу жоспарлануда. Өйткені есірткі құрамын талдайтын зертханалар Астана мен Алматы қалаларында ғана бар. Сондай-ақ есірткімен күрес бөлімдері әуе барлау дрондары мен жедел аппараттық кешендермен жабдықталады.
Бақытжан Әмірханов, ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары:
Үнді қарасорасы бар, соларды анықтау үшін бізге дрондар керек. Сондықтан сондай арнайы дрондар алынады. Біздегі қондырғылар өте көне, ескірген, талапқа сай келмейді. Және барлық өңірлерде жоқ.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жасөспірімдер тәртіп сақшыларының жұмысымен танысты
06.05.2026, 20:56
Өңірлік ғылымды дамытуға басымдық беріледі
06.05.2026, 20:54
Шоқан – қазақ ғылымының бетке ұстары
06.05.2026, 20:53
Ерлік пен Патриоттық егіз ұғым
06.05.2026, 20:48
«Тұлпармен өткен бір күн» атты этно-танымдық шара өтті
06.05.2026, 20:46
Әкелер арасында волейболдан жарыс өтті
06.05.2026, 20:45
Мәйіттік ағза донорлығы адам өмірін сақтап қалуда
06.05.2026, 20:22
«Қазцинк» кәсіпорнындағы жарылысқа қатысты тергеу аяқталды
06.05.2026, 20:18