Стамбұлда нөсер жауыннан екі адам қайтыс болды
Кеше түнде Ыстамбұлдың Арнавуткөй және Кучукчекмеже аудандарында нөсер жауыннан өзен тасып екі адам қайтыс болды. 12 адам жараланған. Қайтыс болғандардың бірі 57 жастағы әйел екені белгілі болды. Жергілікті уақытпен түнгі 12.00-ден кейін басталған қатты жауыннан төменгі қабаттағы үйлерін су басқан тұрғындар шатырларға шығып паналаған. Осындай қиын жағдайға түскен 70 адамды құтқарушылар қайықтармен қауіпсіз жерге жеткізді.
Өзен маңындағы жолдарды су басып, ондаған автокөлік су астында қалды. Сондай-ақ бір метро тармағын да су басып, бірнеше аялдама жолаушылар үшін жабылды. Құтқарушылар таң атқанша оқиға орнында жұмыс істеді. Қазір жаңбыр басылған, дегенмен метерологтар бүгін күндіз де нөсер болуы мүмкін екенін ескертті.
Айдос Әшімұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шетелдік сарапшылар: Құрылтай сайлауы саяси партиялардың рөлін күшейтеді
18.08.2026, 20:28
Димаш әлемдік турының концепциясын таныстырды
18.08.2026, 20:17
Жетісу облысында 1 тоннадан астам қалдық шығарылды
18.08.2026, 20:15
Заңгер: Білім мен ғылымға қаржыландыруды арттыру маңызды
18.08.2026, 20:13
Абай облысында ауылға қоныс аударғандар саны артты
18.08.2026, 20:12
Құрылтай-2026: Үгіт-насихат науқаны қыза түсті
18.08.2026, 20:10
Қостанай облысындағы аудан орталығында жаңа шағынаудан салынып жатыр
18.08.2026, 20:10
Үй маңындағы автотұрақты тегін пайдалануға болады
18.08.2026, 20:07