Төрт облысқа жаңа әкім тағайындалды
Бүгін 4 облыста әкім ауысты. Бұған дейін Ішкі істер министрі болған Марат Ахметжанов Ақмола облысының әкімі болып тағайындалды. Президент Әкімшілігінің Басшысы Олжас Бектенов өңір активіне жаңа аймақ басшысын таныстырды. Сондай-ақ Ақтөбе облысының әкімі де ауысты. Мәслихат депутаттарының басым дауыс беру нәтижесі бойынша бұл өңірге Асхат Шахаров әкім болды. Ал Ауыл шаруашылығы министрі болған Ербол Қарашөкеев Жамбыл облысының әкімі лауазымына тағайындалды. Жаңа өңір басшысын Премьер-Министр Әлихан Смайылов таныстырды.
Сондай-ақ, Шымкент қаласының әкімі де ауысты. Енді қаланы Ғабит Сыздықбеков басқарады. Шаһар басшысын шымкенттіктерге таныстырған Үкімет басшысы жаңа әкім алдына бірқатар міндеттер қойды.
Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-министрі:
Бүгінде қала миллионнан астам халқы бар жетекші өнеркәсіптік және экономикалық орталықтардың бірі. Осыған байланысты тұрғындарды сапалы ауызсумен, электр және жылу қуатымен қамтамасыз ету, әлеуметтік нысандарды жаңғырту мәселелерін шешу жергілікті атқарушы биліктің алдына қойылатын басым міндеттер.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент: Жұрт нақты нәтиже күтеді
16.10.2026, 22:02
ТШО 30 жылдан бері жергілікті компаниялардың тауары мен қызметіне 52 млрд доллар жұмсаған
16.10.2026, 20:14
Қазақстан Халық Кеңесі – қоғамдық ұсыныстарды талқылаудың жаңа тетігі
16.10.2026, 20:13
Шағын және орта бизнестен жұмыс тапқандар көбейді
16.10.2026, 20:12
«Тұмар» және «Үркер» ұлттық сыйлықтарының жеңімпаздары анықталды
16.10.2026, 20:12
SuperStar KZ: Жартылай финалда алғашқы ондық бақ сынайды
16.10.2026, 20:10
Әлем жаңалықтарына шолу
16.10.2026, 20:09
Ортақ тарих, ортақ ғылым: Түркі елдері ынтымақтастықты нығайтпақ
16.10.2026, 20:09