Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында өтетін матчтарға билеттер түгел сатылып кеткен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында өтетін матчтарға билеттер түгел сатылып кеткен

05.09.2023

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында өтетін матчтарға билеттер түгел сатылып кеткен. Бұл туралы еліміздің футбол федерациясы өкілдері мәлімдеді. Айта кетейік, Қазақстан – Финляндия және Қазақстан – Солтүстік Ирландия арнасында футболдан өтетін матчтар қыркүйек айының 7-сі мен 10-ына жоспарланған. Байрақты бәсекені «Қазспорт» телеарнасы мен «Qazaqstan» Ұлттық арнасы ойын алаңынан тікелей трансляциялайды. 


Аида Ахметбек

Хабарламаларға жазылу