Түркия мен Ресей президенттері кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркия мен Ресей президенттері кездесті

05.09.2023

Ресей президенті Владимир Путин мен Түркия басшысы Режеп Тайып Ердоған Сочиде кездесті. Бұл қос ел басшысының өткен қазан айынан бергі алғашқы басқосуы. Онда талқыланған басты мәселелердің бірі - Ресейдің «астық келісіміне» қайта қосылуы немесе соған балама келісім. Бұл сұрақ бойынша тараптар біржақты шешімге келе алмады, алайда Түркия басшысы Анкараның БҰҰ-мен бірлесіп астық келісімі бойынша жаңа ұсыныстар пакетін дайындағанын айтты.

Кездесуде белгілі болғандай, Ресей мен Түркияның газ хабын құру туралы келіссөздері жақын арада аяқталуы мүмкін. Сонымен қатар, Түркиядағы Ақұю атом электр станциясының бірінші блогы келесі жылы іске қосылмақ. Қазір Түркия мен Ресей арасындағы сыртқы сауда көлемі 62 миллиард долларға жетті. Президенттер бұл санды 100 миллиард долларға жеткізуге ниетті екенін мәлімдеді. 


Индира Бегайдар

Хабарламаларға жазылу