Ерлан Қошанов: Жолдау – маңызды реформалардың жалғасы
Жолдау Мемлекет басшысының елімізде кезең-кезеңімен жүргізіліп жатқан ауқымды әрі маңызды реформаларының жалғасы. Мұны тарихи жағдай деп атауға болады. Бұл туралы «Amanat» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов Жолдауды жүзеге асыру барысы туралы партия активімен кеңесте айтты. Президенттің тапсырамаларын жүзеге асыру үшін «Аманаттықтар» бүкіл қоғамның күш-жігерін жұмылдыруы керек, деді. Сондай-ақ, партия Төрағасы Президент халықтың қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған «Қарызсыз қоғам» партиялық жобасын қолдағанын ерекше атап өтті. Енді «Amanat» осы жобаны Үкіметпен бірге бүкіл ел аумағында кеңейтіп, сапалы іске асырумен айналысады.
Ерлан Қошанов, «Amanat» партиясының төрағасы:
Бұл Жолдаудың басты ерекшелігі, Жолдауда экономикалық дамуымыздың таяу жылдардағы эволюциясы айқындалды. Өте ауқымды, нақты әрі кешенді іс-шаралар жоспарланып отыр. Ендігі кезекте, біздің алдымызда Мемлекет басшысының жаңа экономикалық саясатына қолдау көрсетіп, оның сапалы орындалуын қамтамасыз ету мақсаты тұр. «Amanat» партиясы осы мақсатты жүзеге асырудың алғы шебінде болуы тиіс.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жасөспірімдер тәртіп сақшыларының жұмысымен танысты
06.05.2026, 20:56
Өңірлік ғылымды дамытуға басымдық беріледі
06.05.2026, 20:54
Шоқан – қазақ ғылымының бетке ұстары
06.05.2026, 20:53
Ерлік пен Патриоттық егіз ұғым
06.05.2026, 20:48
«Тұлпармен өткен бір күн» атты этно-танымдық шара өтті
06.05.2026, 20:46
Әкелер арасында волейболдан жарыс өтті
06.05.2026, 20:45
Мәйіттік ағза донорлығы адам өмірін сақтап қалуда
06.05.2026, 20:22
«Қазцинк» кәсіпорнындағы жарылысқа қатысты тергеу аяқталды
06.05.2026, 20:18