Түркияда жол апатынан екі қазақстандық көз жұмды
Түркияның Алания қаласында жол апатынан екі қазақстандық көз жұмды. 34 жастағы әйел мен 2 жасар сәби отырған үсті ашық сафари көлігі өзге бір жеңіл автомобильмен соқтығысып аударылған. Апаттан бас-аяғы 17 адам жараланып, 3 адам қайтыс болды. Қаза тапқандардың атыраулық журналист әрі қоғам белсендісі Арайлым Нұғыманова мен оның кішкентай қызы екені белгілі болды. Ал жұбайы ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр. Бейнебақылау камерасына ілінген кадрлардан көліктердің апат алдында қатты жылдамдықпен жарысып бара жатқанын байқауға болады. Жеңіл жарақат алған екі көліктің жүргізушісі де қамауға алынды. Қазір Қазақстанның Түркиядағы елшілігі марқұмдардың денесін елге жеткізу жұмыстарымен айналысып жатыр.
Айдос Әшімұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қызылордада жастар арасында дебат өтті
11.08.2026, 13:18
Филиппин аралдарында лай көшті
11.08.2026, 13:12
Шет мемлекеттерде 82 учаскелік комиссия құрылды
11.08.2026, 13:10
Колумбияда зілзаладан 164 адам қаза тапты
11.08.2026, 13:07
11 мыңға жуық ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды
11.08.2026, 13:05
Жол ережесін бұзғандарды дрондар анықтайды
11.08.2026, 13:03
Нотариус қызметіне ЖИ енгізіледі
11.08.2026, 13:00
Талдықорғанда тұрғын үйлер жөнделіп жатыр
11.08.2026, 10:12