Қазақстанда бірқатар жаңа министрлер тағайындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда бірқатар жаңа министрлер тағайындалды

02.09.2023

Бүгін жаңадан құрылған министрліктерге басшылар тағайындалды. Мемлекет басшысының жарлығымен Марат Қарабаев Көлік министрлігін басқарады. Ол осыған дейін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі болған. Аида Балаева Мәдениет және ақпарат министрі лауазымына тағайындалды. Ол бұған дейін Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары болған. Сауда және интеграция министрлігін Арман Шаққалиев басқарады. Ол осыған дейін біріншші вице-министр болатын. Бұрынғы министр Серік Жұманғарин Үкімет басшысының орынбасары болып тағайындалды. Президент Жарлығымен Светлана Жақыпова Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болды. Ал Тамара Дүйсенова министр қызметінен босатылып, вице-премьер лауазымында қалды. Жаңадан құрылған Туризм және спорт министрлігін Ермек Маржықпаев басқарады. Ол бұған дейін Ақмола облысының әкiмі болған.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ержан Сәденов Ішкі істер министрі лауазымына тағайындалды. Президент Әкімшілігінде де бірқатар ауыс-түйіс болды. Ернар Баспаев Мемлекет басшысының өкімімен Президенттің кеңесшісі лауазымына тағайындалды. Әсет Ерғалиев Президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі болды.

Дарын Сағитов


Хабарламаларға жазылу