Түркістан облысындағы қайғылы оқиға: Суға кеткен оныншы адамның денесі табылды
Түркістан облысы Отырар ауданында суға батып кеткен тағы бір баланың денесі табылды. 12 жастағы жеткіншектің мүрдесін құтқарушылар оқиға орнынан 15 шақырым жерден алып шықты.
Айта кетейік, бұл - Сырдария өзеніне батып кеткен 11 адамның оныншысы. Кеше сүңгуірлер 25 жастағы бойжеткеннің денесін тапқан болатын. Ал өзге сегіз адамның мәйітін оқиға болған күні судан шығарылды. Құтқарушылар енді соңғы 10 жастағы қызды іздестіруде. Бұл жұмыстарға Шымкенттен қосымша күш тартылды.
Қазір оқиға орнында бас-аяғы 151 адам жұмыс істеп жатыр. 20 техника, 2 дрон , 9 қайық жұмылдырылған. Сондай-ақ, 22 сүңгуір су астынан іздестіріп жатыр.
Айнұр Әбілқасымқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы Испания Короліне құттықтау жеделхатын жолдады
20.07.2026, 17:01
Қазақстанда ірімшік пен сүзбе өндірісі 28%-ға артты
20.07.2026, 14:57
Жезқазғанда «Metallurg Fest» фестивалі өтті
19.07.2026, 21:00
Теміртауда Металлург күніне арналған концертке 65 мың адам жиналды
19.07.2026, 20:30
Баянауылда заманауи «Сарыарқа сыры» визит-орталығы ашылды
19.07.2026, 18:15
«Шәмші әндері» өнер фестивалі басталды
18.07.2026, 20:10
ӘЧ: Бүгін түнде Франция мен Англия командалары ойнайды
18.07.2026, 20:07
4 теміржол вокзалы қайта ашылды
18.07.2026, 20:07